"Carnival of the Animals"
Көктемгі демалыс уақыты, демек демалуға болады! Ал демалысты пайдалы өткізу, тіпті керемет! 29 наурызда Кенжекөл ҚБ-де "Карнавал животных" музыкалық сұрақ-жауап ойыны өтті. Фортепиано класының оқушылары (педагогы Е.И. Москвина) музыкалық тіл құралдарымен композитор бейнелеген музыкалық үзіндіден жануарды тауып шешуде жарысты. К. Сен-Санстың "Карнавал животных" сюитасымен және басқа музыкалық туындылармен – «портреттерімен» танысты.