Павлодар қаласы БММ Кенжекөл ауылы ҚБ мектебімізде жазғы лагер жалғасуда.
Павлодар қаласы БММ Кенжекөл ауылы ҚБ мектебімізде жазғы лагер жалғасуда. Бүгін оқушыларымыз үшін ерекше күн болды. «Отан-отбасынан басталады» демекші бүгінгі негізі тақырыбы отбасы күніне арналды. Әр оқушы ортаға шығып өз отбасы туралы баяндап,таныстырып өтті. Одан әрі қарай балалар осы тақырыпқа орай сурет салып, ортаға шығып әңгімелеп берді. Сонымен қатар оқушылар Кенжекөл ауылының кітапханасына саяхат жасап келді. Кітапхананың маманы әр түрі кітаптар жайлы мәлімет айтып, біраз ақпараттармен бөлісті. Оқушылар бүгінгі күнді ұмытпасатай болып, керемет әсер алып, үйлеріне қайтты.