2021 жылғы 1-ші маусымнан 30-маусымға дейінгі аралықта Балалар музыка мектебінде Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларына арналған «Музыкальный альманах»жобасы жүзеге асырылды. Жоба мақсаты: балаларда музыка әлеміне деген қызығушылықты тәрбиелеу; қызықты формада балаларды композиторлардың шығармашылығымен, негізгі музыкалық терминдермен таныстыру; музыкалық аспаптар туралы оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдету.
БММ педагогтары бірқатар бейне-дәрістер дайындады: «К.Сен-Санс. Карнавал животных» (Мостовая Марина Георгиевна), «Н.А. Римский-Корсаков. Симфоникалықсюита Шехеразада» (Курлиутова Маргарита Викторовна), «Вид сценического искусства - балет» (Панфилова Екатерина Викторовна), «Мир детства в музыке Сергея Прокофьева» (Шароня Надежда Александровна).
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде балаларда музыкалық аспаптар, олардың пайда болуы мен дыбысталуы; композиторлардың шығармашылығы; музыкалық жанрлар туралы түсініктер қалыптасты, сезім өрісі, классикалық музыканы тыңдауға эмоциялық ықыласы, шығармашылыққа дайындығы дамыды.
Жоба соңында оқушылардың шығармашылық тапсырмалары мен суреттері, дәрістер жиналған «Музыкальный альманах» альбомы жасалды. Әр қатысушы жобаға қатысқаны туралы диплом алды.