Алматы қаласында өткен «Бақыт деген-сенің бала күндерің» атты V республикалық балалар фестивалінде Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің оқушысы Анель Акильбекова, 14 жас, бас жүлде иегері атанып ЖС «BB Partners Kazakhstan» 1000 доллар ақшалай сертификатын ұтып алды. Ол фестивальде Б.Шукеновтің сөзі мен әнін жазған «Отан Ана» әнін орындады. Финалда Анель қазақстанға белгілі әнші Дана Маханбаевамен сөзі Ғ.Мүсрепов, әні Ш.Қалдаяковтің «Кұрбылар» әнің дуэтпен орындады. Фестивалге қатысу үшін оны байқаудын ұйымдастыру комитеті арнайы шақырды.
Алғаш рет Анель 2017 жылы интернет арқылы осындай балалар жобасы жөнінде біліп осы байқауға қатысуға шешім қабылдады. Қатысу үшін ол 570 қатысушылармен бірге іріктеу кастингінен өту керек болды. Кастинг шешімі бойынша ол Қазақстанның балалар арасындағы отыз үздік орындаушылар қатарына енді.
«Ешнәрсе оңайлықпен келмейді, барлық жетістіктер үлкен еңбекпен, педагог еңбегі және ата аналар қолдауымен,саған сенімділігімен келеді»- дейді Анель.
Кез келген кішкентай женістердің артында әрине үлкен еңбек жатыр. Байқаулардағы әрбір марапат жігерлендіріп, профессионалдық өсуге көмектеседі. Жас әншінің мақсаты - музыка мектебін ойдағыдай аяқтап және өзінің музыка білімін жоғарғы оқу орнында жалғастырып, қазақстанға белгілі эстрадалық әнші болу.