Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің ансамбль ұжымдары арасында «Саз керуені» қашықтық фестиваль-байқауы аяқталды.
Байқауға 17 мектеп: 19 ұжым, 105 қатысушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде №25 ЖОББМ «Домбыра дастан» ансамбліне берілді, жетекшісі Н.К. Асылбекова ансамбльдің орындауында Құрманғазының «Кісен ашқан» күйі орындалды.
Бірінші орын: №29 ЖОББМ «Жалын» ансамбліне, жетекшісі А.К. Тасимова, №37 ЖОББМ домбырашылар ансамбліне, жетекшісі С.А. Абылқайыр берілді.
Екінші орын: №1 ЖОМ, №17 ЖОБСОБМ және КЖОМ.
Үшінші орын: Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ, №21 ЖОМ, №34 ЖОББМ және №35 ЖОББМ.
«Үміт» номинациясында: №9 ОБГМ, №26 ЖОМ, №31 ЖОМ.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз. Шығармашылық жетістіктер тілейміз.
«Саз керуені»