Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Есіпті концерт
13-06-2022 09:31
Есіпті концерт

Бүгін, 2022 жылдың 11-маусымында, Кенжекөл ауылы Мәдениет үйінде, Павлодар қаласы Балалар музыка мектебі Кенжекөл құрылымдық бөлімшесінің есептік концерті өтті. Концерттің шымылдығын мектебіміздің фольклорлық ансамблі  Ш.Қорғанбектің "Төрткүл түмені" шығармасымен ашып, көрермендердің зор ықыласына бөленді, жетекшісі Қорабаева Ж.Р. Саксофон аспабында педагог Мулкаразов М К. шебер орындап концертіміздің ажарын аша түсті. Әрі қарай қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері Самат Ж.(қобыз), Новикова С (фортепиано), Мигаль Дарья (фортепиано), Ертай А (домбыра), Самиға Б (домбыра), Рахимова А (фортепиано), Уакасов С., өз өнерлерін көрсетіп, аспаптарын шебер меңгергендігін байқатты. Е.Үсеновтың "Кербез сұлу" шығармасын мектебіміздің ұстазары: Харал.Б, Қабдрашит Г. Р., Қорабаева Ж. Р., өте тамаша орындады. Ал мектебіміздің хоры Ә.Әлқожаның "Ана  - Әке "әнін орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді. Мектебіміздің домбырашылар ансамблі Р.Бейсенұлының "Қолбасшы" күйін өте жігерлі, айқын орындады, жетекшісі Харал.Б. Әрі қарай Павлодар қаласында өткен "Ретро әндер" фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен мұғалімдер Н.Тілендиевтің "Алатау", Р.Асқарбекұлы "Кете алмайсың сен менен"- әндерін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Сонан соң мектебіміздің басшысы Ш.Р.Джагопарова биылғы мектеп бітіруші түлектерге - бітіру куәліктерін тапсырып, грамоталарымен марапаттады. Оқушыларымызды сүйемелдеген  А..В.Серов және Д.М.Елеуге  де рахмет. Есептік концертіміз жоғары деңгейде өтті, осыған орай Кенжекөл ауылының тұрғындары мен ата аналар ризашылығын білдірді. Біздің музыка мектеп балаларына Кенжекөл Мәдениет үйінің сахнасында өнер көрсетуіне мүмкіндік жасаған, сол мекеме басшысы  Сандуғаш Қанатқызы Асаубаеваға үлкен рахметімізді айтып, ризашылығымызды білдіреміз.