2022 жылғы 22 қазанда Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінде Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары мен педагогтары арасында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Республика әні» авторлық патриоттық ән конкурсы өтті. Конкурсқа Камал Мақпалеев атындағы №23, 40, 41 мектеп оқушылары қатысып, патриоттық тақырыптағы авторлық шығарманы орындады. Конкурстық бағдарламаны тәуелсіз қазылар алқасы бағалады, оның құрамына Құрманғазы атындағы БММ-нің жеке және ансамбльдік ән айту бөлімінің педагогтары кірді.
Бірінші орын:
- Биянова Даниля- жоғарғы топ, 14 жаста (№41 ЖОББМ) - Ирина Николаевна Таропчанина «Мы пришли в этот мир»
- Фесюк Милана - ортаңғы топ, 10 жыл (№40 ЖОББМ) - Ольга Жанаталаповна Ивашкина «Мой Казахстан».
Екінші орын:
Бобб Мария- жоғарғы топ, 17 жаста (Камал Мақпалеев атындағы ЖОББМ) - Татьяна Сергеевна Петрова «Моя Родина – Казахстан»
Үшінші орын:
«Моншақтар» ансамблі - ортаңғы топ, 10-11 жас (№23 ЖОББМ) - И.А. Ви-Сүлейменова «Мой Казахстан – моя семья»
Барлық қатысушылар грамоталармен, ал жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.
Республика әні