Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Құттықтаймыз!
20-05-2026 15:04
Құттықтаймыз!

Павлодар облысының жас музыканттары Астана қаласында өткен республикалық «Юный музыкант» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғады.

13–15 сәуір күндері ұйымдастырылған өнер додасы 2020 жылдан бері алғаш рет офлайн форматта өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 660-қа жуық талантты қатысушы жиналып, «Хор» және «Фортепиано» номинациялары бойынша бақ сынады.

Сонымен қатар Павлодар қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары да байқауда сәтті өнер көрсетті. Айдарғазин Захария кіші жас санатында II орын иеленсе, оның әпкесі Айдарғазина Дария «Болашақ жұлдыз» номинациясына ие болды. Оқушылар мен олардың ұстазы Москвина Елена Ивановна лайықты түрде құттықтауға ие болды.

Бұл жеңіс — жас таланттардың табанды еңбегі мен ұстаздарының өлшеусіз қолдауының нәтижесі.

Сонымен қатар қатысушылар байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті. Қонақтарды қарсы алу, трансфер жұмысы, ұйымдастырушылардың ілтипаты мен жедел көмегі өнер мерекесінің мазмұнын одан әрі айшықтай түсті.

Республикалық байқау жас музыканттарға үлкен тәжірибе сыйлап, шығармашылық шабыттарын шыңдай түсті.