Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Павлодар мен Екібастұз арасындағы шығармашылық көпір»
04-06-2026 09:36
«Павлодар мен Екібастұз арасындағы шығармашылық көпір»

«Шабыт» шығармашылық жобасы аясында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің білім алушылары Екібастұз қаласына барып, Естай атындағы балалар музыка мектебінде концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
Бұл сапар жас музыканттар үшін маңызды оқиға болды, олардың орындаушылық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, басқа қаладағы құрдастарының шығармашылық өмірімен танысуға мүмкіндік берілді. Концерттік бағдарламада қазақ және әлем классикасының шығармалары, халық әуендерін өңдеулері және заманауи композициялар орындалды. Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықты, шеберлікті және музыкаға деген шынайы сүйіспеншілікті көрсетті.
Мектеп басшысы Асемгуль Каиркелдіқызы Докулова бастаған Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы мен оқушыларының жылы қарсы алуы, нағыз шығармашылық мерекенің атмосферасын қалыптастырды. Көрермендер өнерпаздарды қошеметпен қолдады, ал концерттен кейін қатысушылар әңгімелесіп, әсерлерімен алмасты.