Үстіміздегі жылдың 12 маусымы күні «Сириус» лагеріне № 42 ОТК және №1 БММ оқушылары келіп қатысты.
Оларға музыка мектебінің оқытушылары Берік Ишанкулов пен Асхат Көпеев қазақ ұлттық ойындарының түрлері, ойындардың бала денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы туралы әңгімеледі. Бұдан кейін олар оқушылар арасында білек күші мен ептілікке баулитын «Арқан тартыс», «Білектесу» және «Сіресу» ойындарын өткізді. Бұл ойындарға «Сириусқа» келген балалар қызығушылықпен қатысып, өз ара күш сынасты.
«Біз қазақтың ұлттық ойындары туралы көп мәлімет алдық. Бұдан кейін осы ұлттық ойындарымен жиі ойнайтын боламыз» дейді оқушылар ризашылықпен.
Ұлттық спорт жарыстарынан кейін музыка мектебіндегі вокал пәнінің оқытушысы Марина Голубцованың жетекшілігімен «Қара жорға» биімен «Флеш – моб» өткізілді. Бұдан кейін демалуға келген оқушыларға музыка мектебінің шәкірттері концерт қойды.