Құрманғазы атындаға №1 БММ тағыда өз есігін аса қуанышпен дайындаушы және бірінші сыныптарды жанұясына қабылдау үшін, жас таланты музыканттарға арнап есігін айқара ашты.
Жүрек дірілі және әсерлі толқыныспен, үлкен құшақ гүлдерімен балалар мен олардың ата-аналарықызықты және ғажайып музыка әлемінің табалдырығын аттады.
Мерекелік концертті Құрманғазының «Кербез» күйімен домбырашылар ансамблі (жетекшісі Г.А. Абжанова) ашты. Қунақпай Мәлике«Сәттілік тілеймін» әнімен шықты. Концерттің әр нөмірі жас музыканттарды түрлі музыкалық аспаптармен таныстырды.: бұл жерде скрипканың дірілдеген, рояльдің толқыған үнін және саксофонның қиялға берілуі, гитара шегінің құлпыруын, баянның өткірлігін естуге мүмкіндіктер болды.
Балалардың жайбарақат та, бақытты балалық шақ кезіне позитивтік көніл күйлерімен, барлық балаларға арнап Рудик Яна, Новосельцев Роман «Сабаққа дейін бес минут» және «Бірге ән айтайық» әндерін орындады.
Д.С. Масленниковтің сүйемелдеуімен В. Моцарттың Түрік рондосын», маримбеде Р.Р. Ахматулинның жеке орындауы концерттің ең бір жарқын нөмірі болды. Бұл керемет аспаптың қызықтырып әкететін үні, оның роялмен қосылған жұмсақ та терең тембірі концертке келген бірде бір көрерменді немқұрайды қалдыра алмады. Мерекенің кульминациясы болып орыс халық аспаптары ансамбілінің (жетекшілері И.В. Кузякин, О.М. Михайленко) орындаушылығы болды. Олар «Моссальскке саяхат» шығармасын орындап шықты.
Жаңа оқу жылы басталды – жаңа шығармашылық жеңістердің, жарқын концерттердің жылы. Махаббат пен қолдаушылық, түсінушілік орнаған біздің музыка мектебіміз, әрбір жас музыкантқа екінші үйі болатындығына сенгіміз келеді.