2014 жылдың 28 қарашада «Мен-өз елімнің отаншыл баласымын» жобасы аясында жеке және ансамбльде ән айту бөлімі «Туған жерім- ән өлкем» атты конкурс өткізді. Оған мектептің 18 оқушысы қатысты. Конкурс екі кезеңнен болды: ән орындау және өз елінің мәдениеті мен тарихын білу.
Қатысушылар конкурстың дайындығына аса шығармашылықпен келді. Конкурстың әр орындаушысына балалармен жақынырақ танысуға, олардың неге әуестенетіндіктерін білуге мүмкіндік алуға «визитка» болды. Тамаша костюмдер, туған жер, әлем, қайырымдылық пен әсемдік туралы әсерлі әндер, туған елінің мәдениеті мен тарихы туралы жақсы білімдері – залда бірігушілік пен бірліктің бар екендігін көрсететін ерекше атмосфера туғызды.
Құзіретті қазылар алқасы конкурсанттардың музыкалық деңгейін, дыбыс сапасын, тембр әдемілігін, музыкалық бейнеге көркемдікпен енуін, жылдамдығын, елінің тарихы туралы білім деңгейін бағалады.
Барлық қатысушылар, конкурстың жеңімпаздары грамоталар және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.