Сенім телефоны
8(7182)300762
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары
07-11-2016 09:29
Қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары
2016 жылғы 4 қарашада № 3 балалар музыка мектебі базасында Павлодар облысы балалар музыка мектебі және өнер мектептерінің ішекті-ысқы, үрлемелі және соқпалы аспаптар бөлімдері педагогтарының облыстық «Жас музыкантшының дербес, белсенді және бірегей болып қалыптасуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. dscn6847-1Мектеп педагогтары Константин Сергеевич Макаров және Алексндр Александрович Андрющенко «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу процесінде педагогтың өзін-өзі дамытуы» тақырыбында иллюстрацияланған баяндамаларын жоғары кәсіби деңгейде жасады. Олар сабақта тәжірибе жұмысында пайдалануға болатын труба және соқпалы асаптармен жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін, жаңа ақпараттық технологияларды қызықты нысанда ұсына білді. Баяндамаларды қорытындылай келе, педагогтар Лучано Павороттидің «Памяти Карузо» шығармасын орындады. Конференция қатысушылары Павлодар облысы білім беру басқармасы атынан сертификат алды.