Балалар және жасөспірімдер шығармашылығының «Менің Отаным - Қазақстан» V қалалық фестивалі
№ 2 балалар музыка мектебінде Алматы қаласының 1000 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар және жасөспірімдер шығармашылығының «Менің Отаным - Қазақстан» V қалалық фестиваль өтті. Фестиваль қалалық білім беру бөлімі және № 2 БММ ұйымдастырылған. Оған өнердің түрлі жанрында 8 және 16 жастағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Фестиваль аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өтті: музыка өнері, сахна өнері, декоративті-қолданбалы өнер, сурет өнері, аралас жанр.
Мектебіміздің оқушылары фестивальге белсене қатысты: «Кербез» домбырашылар ансамблі Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек» шығармасын орындады (жетекші Г.А. Абжанова), Алина Кулбаева «Туған жерім» әнін шырқады (педагог О.Н. Скорикова),
Жұлдыз Мұратбекова «Неприятность, эту мы переживём» (сөзі А.Хайт, муз. Б.Савельев) әнін орындап шықты (педагог С.А. Бахмат). Іс-шара үлкен гала-концертпен аяқталды.