Жаз мезгілінің жарқын күндері
Бірінші жасақтың балалары «Сүйген жүректі» көріп, өздерінің «Көңілді жарыс» коллажын дайындауға отырды. Әр суретті салуға көп күш талап етілді. Балалар ерінбей, жалықпай қызығушылықпен кірісті. Сонымен бірге, балалардың музыка әуенімен өз образы, мінезі мен жеке тұлға екенін көрсететін өз қолдарымен әзірлеген «Маскарад» жаңа жобасы пайда болды. Бұл жерде әртістік шеберлік, хореографиялық пластика және музыкалық шеберліктің пайда болу мүмкіндігі бар. Бүгін вокал сыныбында артикуляция және дикция үшін барлық баланың көңіл-күйін көтеретін жаттығулар жасалып, жаңа әндер үйренді. Балалар «минусовкамен» ән орындағаннан кейін өз-өздеріне қошемет көрсетіп марапаттады.
