Астана күніне орай мерекелік іс-шаралар Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде өз жалғасын тапты. Қаламыздың тұрғындары үш күн бойы балалардың сыңғырлаған дауыстарын, музыка аспаптарының ұмытылмас нәзік үнін тамсана тыңдады. «Аялаған Астана» фестиваль күндері – әсем қала Астана күніне арналды. Ашық аспан астында өткен концерт музыка өнерін бағалайтындарды және музыка құдіретін сүйетін қарапайым адамдарды жинай білді.
Жағымды, тартымды атмосфера мерекелік іс-шара бойы салтанат құрды. Концерттерге музыка мектебінің педагогтары мен тәрбиеленушілері ғана емес, көрермендер де қатысты. Олар викторинаға қатыса отырып, еліміздің, оның мәдениеті, салт-дәстүрлерінен өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды. «Екі жұлдыз» конкурсы жарқын жұптармен шыққан болатын: тыңдармандардың жүрегін адалдығы және әсерлігімен жаулай білген қалалық музыка мектептерінің педагогтары өз оқушыларымен, отбасылар жұбы, кәсіпкерлер және музыка әуесқерлері.
Конкурс жеңімпаздары № 2 балалар көркем сурет мектебінің тәрбиеленушілері әзірлеген естелік жүлделермен марапатталған болатын.
Фестиваль әсерлі гала-концертпен аяқталды. Орындаушылардың жарқыраған костюмдері, жалынды әндері, домбыра, саксофон, флейта, рояль және гитара сияқты музыка аспаптарының сиқырлы үні нағыз мейрамды қыздырды.