Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сириустағы» музыкалық жаз.
15-06-2016 09:08
«Сириустағы» музыкалық жаз.
Жыл сайын маусым айында Құрманғазы ат. №1 балалар музыка мектебінде мектеп жанындағы салалы күндізгі «Сириус» лагері өз жұмысын бастайды. Басты мақсаты - жеке белсенді тұлғаны зияткерлік және физикалық жағынан дамыту. №1 БММ барлық келем деушілерге – музыка мектебінің тәрбиеленушілеріне және жалпы орта мектеп оқушыларына өз есігін айқара ашты. Мектеп ұстаздары әртүрлі танымдық, шығармашылық, сауықтыру, педагогикалық бағдарламаларды құрастырды. Мектеп жанындағы салалы лагерьде арайлап атқан таң барлық қатысушыларын біріктіретін, өздік шығармашылықты іске асыруға ықпал ететін сергітуші флешмобтан басталады. Балалар театрландырылған қойылымдарға - музыкалық ертегілерге зор ықыласпен қатысып, өздерінің әртістігін көрсету мүмкіндігіне ие болады; ұсынылған тақырыптарға қабырға газеттерін шығаруға және сурет салуға шығармашылық көзқараспен қарайды. Хорда ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау негіздерімен танысу – балаларға бірлік рухын, ұжымдық шығармашылықты сезінуге ықпал етеді. Салалы лагерьде «Созвучие детских голосов», «Бенефис», «Аймағымыздың өнер байлығы», «Открытие», «Оркестр для всех», «Стартует музыкант», «Внимание!», «В кругу друзей» шығармашылық жобаларды іске асыруға зор көңіл бөлінеді. Салалы лагерь жұмысы оқу, тәрбие, мәдени-көлемді, спорттық сауықтыру іс-шараларынан құралады. Мұнда облыстық көркемсурет мұражайына, облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына, Шафер мұражай-үйіне, Павел Васильев мұражай үйіне экскурсияға шығу әрдайым қызықты. «Сириус» мектеп жанындағы лагері балалардың музыкалық әлемге қызығушылығын ояту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды. Балалардың көп бөлігі музыка әлемімен алғаш танысқан сәттен бастап, өздерін бұл салада қалыптастыруға тырысады.