Балалық шақтың музыкалық калейдоскобы
Кешті қазақ халық аспаптарының оркестрі ашты (жетекшілері К.М. Ермекбаев, Н.Б. Қайшанов). Оркестрдің орындауында Н. Тілендиевтің «Ата толғауы», «Поппури» туындылары шырқалды. Петрова Полина «Мы сильные, когда мы вместе» әнімен көрермендерді таң қалдырды. Барлық музыкалық номерлер түрлі-түсті калейдоскоп тәрізді бір - бірінен асып түсті: домбыраның әсем әуезді үні саксофонның нәзік ырғағымен жалғасса, орыс халық аспаптарының орындалуы – қобыз бен рояльдің бірлескен әуені, бала дауыстарының хорда бірлесіп айтылуы кешті одан әрі жалғастырды.
Концертке келген көрермендер хор сыныбын (жетекшісі С.А. Бахмат, концертмейстер Д.С. Масленников) және жоғары хор сыныптарын (жетекшісі К.В. Миронец, концертмейстер Д.С. Масленников, ұрмалы аспаптарда – Б.Е. Перепелица) ерекше қошеметпен қарсы алды.
Кеш соңында мектеп педагогы, «Х-фактор» шоу-бағдарламасының финалисі Константин Макаров «Павлодар-Астана» әдемі әнін орындады.
