Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Рояльдің тебірентер дыбысы мен балалар дауысының сыңғыры
18-03-2016 03:40
Рояльдің тебірентер дыбысы мен балалар дауысының сыңғыры
Облысымыздың музыка өмірінде жарқын оқиғасы жас музыкантшылардың 50 облыстық фестиваль-конкурсын өткізу болды. Ұйымдастырушысы Павлодар облысы білім беру басқармасы. Конкурс «Музыка колледжі – дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты» кешені» ММ базасында өтіп, Ахмет Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналды. Оған Павлодар облысы балалар музыка мектебі және өнер мектебінің фортепиано және хор ұжымы бөлімінің оқушылары қатысты. Екі күн бойы музыка колледжінің концерт залының сахнасынан балалар дауысы мен рояль үні шығып жатты. Конкурсанттар И.С. Бах, Л. Бетховен, Й. Гайдн, Ф.Лист, К.Дүйсекеев, А.Джунусов, Ә.Толықпаев, Р.Щедрин және т.б. шығармаларын орындаған болатын. Жас таланттар өз шеберліктерін көрсетті. Конкурс мақсаты – музыкалық дарынды балаларды және талантты балалар ұжымын анықтау, олардың орындаушылық шеберліктерін арттыру, шығармашылық әлеуеті мүмкіндіктерін кеңейту, оларды заманауи композиторлардың музыка мұрасының үздік үлгілеріне тарту. Конкурс екі бағытта фортепиано бөлімі оқушыларының хор ұжымы және жеке орындаушылар арасында өтті. Жеке орындаушылар конкурсына кіші, орта және жоғары буын топтары енді. Орындалған шығармалардың репертуары қызықты және сауатты таңдалған, хор ұжымдарында костюмдері әдемі болды. Білікті қазылар алқасы дыбыс сапасын, техникалық шеберлік, музыкалылық, әртістік, репертуардың бағдарламалық талаптарға сәйкес келуін бағалады. Құрманғазы атындағы № 1 БММ оқушылары жоғары кәсіби деңгей, музыкалылық, әртістікті көрсете білді. Жоғары сынып хоры (жетекші К.В. Миронец, сүйемелдеуші Д.С. Масленников) конкурстың Бас жүлдесін иеленді; Диана Рудишева (педагог Е.А. Попова) – І орын; Ирина Куршакова (педагог М.Б. Зверева), Карина Халимон (педагог С.С. Камкина) – ІІ орынды қанжығасына байлады. Конкурс жеңімпаздары, олардың педагогтары дипломдар және грамоталармен марапатталды.