Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балалық шақ қиялы
07-08-2017 11:34
Балалық шақ қиялы

Бүгін Құрманғазы атындағы № 1 БММ мектеп жанындағы профильдік лагерінде «Сабын көпіршіктерінің шоуы» мерекесі өтті. Сабын шоуы сәбилерден бастап ересектерді де өзіне баурап алды. Және бұл таңғаларлық емес: бұл нәзік сабын шарларында қаншама жұмбақ, сиқырлар мен кереметтер тұнып тұр. Әр уақытта олар кез-келген баланы, әсіресе оларды алғаш көріп тұрған бала оның пайда болуының құпиясы, бір сәттік әдемілік пен нақты өмірі таңқалдырып келеді.
Жүргізуші керемет көпіршіктерді бірінен соң, бірін үрледі, олар шарықтап ұшып, әр-түрлі қимылдармен кемпірқосақ тәрізді бірнеше түсті болып, айналасында тізбектелді. Шоу болып жатқан құбылысты керемет сипаттайтын музыка ырғағымен сүйемелденді.
Сабын көпіршіктерінің шоуы – бұл керемет ертегі және әр бала оның қатысушысы болды. Балалар осындай сиқырлы шарлардан қызықты мүсіндерді көрді. Шоудың соңында әр бала үлкен сабын көпіршігінің ішінде болуға мүмкіндік алды. Айта кетерлігі: ішінде не бар екенін көрген балалар мен кейбір педагогтардың армандары орындалды.
Әрине, сабын көпіршіктері ұзақ тұрмайды, бірнеше сәттер ғана – және олар жарылып жоқ болып, ұсақ, сансыз шашырап, ұшады. Бірақ, балалар мен ересектер ауада айналып жүрген жарқыраған сабын көпіршіктерінен қуанышқа бөленді.
Жаздың тағы да бір күні аяқталды. Балалар үшін біздің лагерьдегі тосынсыйлар аяқталмайды. Балалар үшін келесі сыйлық «Сайқымазақ-паравоз» шоуы болады, бірақ бұл мүлдем басқа хикая...