Қазақстан халықтарының тілдері күнін атап өту шеңберінде Құрманғазы атындағы № 1 БММ-де жеке және ансамбльмен ән айту бөлімінде педагогтар мен оқушылар қатысқан мерекелік іс-шара өткізілген болатын.
Қатысушылар да, көрермендер де республикамызда тұрып жатқан халықтардың тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Аспаптарда әуен ойналып, әр түрлі тілдерде әуезді және әсерлі әндер шырқалды. Қазақ тілінің мәнділігі және көркемдігі, орыс тілінің байлығы мен әсемдігі, кәріс тілінің әуенділігі, украин тілінің ырғақтылығы, неміс тілінің қатаңдығы керемет. Әрбір тіл – әр халықтың байлығы, оның сақтау, қастерлеу және дамыту қажет.
Қазақстан халықтарының тілдері күні азаматтардың рухани бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпақты барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтары мен мүмкіндіктері негізінде жоғары патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпал етеді.
Тілдерді білу бойынша қызыты және танымдық викторинаға көрермендердің өзі де қатысты. Балалар бұл сұрақтарда өте белсенді, жеткілікті білімді болды және өз білімдерін көрсетіп жақсы жауап берді.
Дәстүрлі мереке жалпыға ортақ қуаныш пен достық белгісімен өтіп, өзінен кейін жарқын эмоциялар мен оң әсер қалдырды.
Қазақстан халықтарының тілдері күні