Жаттығулардан, мақамдар және этюдтардан қорықпаңыздар, оларды жақсы көріңіздер және олар міндетті түрде күлімсірейді.
Р.Шуман
Павладар қаласының Құрманғазы аттыңдағы №1 балалар музыка мектебінде фортепияно бөлімінің оқушылары арасында фестивальдер, байқау-конкурстарын, олимпиадалар өткізу жақсы дәстүрге айналды. Көктемгі каникул кезінде «Музыкалық Парнас» этюдын (виртуозды пьеса) үздік орындау конкурсы алып тасталмаған.
Орындау шеберлігіне жету жолы ұзақ және қиын. Ол бала кезден шағын жаттығулар мен жеңіл пьесалардан басталады. Біртіндеп барып шеберлік өседі, ал орындау техникасын меңгеруге этюдтар көмектеседі. Қиын туындылардың осындай түрі жас музыканттың техникасын, моторикасын, физикалық шыдамдылықты дамытады.
Конкурс қатысушыларының айналасы мейлінше кең болды. Конкурс кіші жас ерекшелік категориясы балаларының жарысымен ашылды. Коваленко Богдан және Смагулова Мария ІІІ дәрежелі лауреат атанды. Нұрмұхамет Ділназ екінші құрметті орын дипломына лайық болды. Бірінші орынды Чистова Алиса, Зайнутдинова София және Садвокасов Жан иеленді.
Конкурсты орта жас ерекшелік категориясының балалары (2-3 сыныптар) жалғастырды. Қазылар алқасының мүшелері келесі қатысушыларды анықтады: үшінші орынға Алексеенко Полинаға, екінші орын – Каменова Айганым және Садвокасова Айымға бұйырды. Бірінші орынды Ахметова Риза және Турганбекова Разия өзара бөлісті.
Конкурстық бағдарламаны ересек жас ерекшелік категориясының қатысушылары (2-6 сыныптар) жалғастырды. «Қатысқаны үшін» дипломымен Алпышев Жасулан марапатталды. Үшінші орынды Казбекова Айна және Халимон Карина иеленді, екінші орынға Любкивская Камила, Хусаинова Алтынай және Ушкова Виктория лайық болды. Жунусова Дана аталған жас ерекшелік категориясында І дәрежелі лауреат атанды.
Өткен конкурс тағы бір рет балалардың туындыны қаншалықты образдық, техникалық қолжетімділікте тыңдауды жақсы көретінін көрсетті. Олардың барлығы аса қызығушылық пен әртістік өнерлерін көрсетті. Алғаш рет жұртшылық алдында сахнада өнер көрсеткен балалардың жүздері ерекше қуанышпен бал-бұл жанды. Біздің лауреаттарымызды дайындаған педагогтарға – Ольга Леонидовна Бобровская, Светлана Степановна Камкина, Светлана Степановна Рябовол, Татьяна Валерьевна Явловцеваға алғыс айтқымыз келеді.