Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мейірімділік пен музыка әлеміне саяхат
22-01-2019 14:43
Мейірімділік пен музыка әлеміне саяхат

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде рухани-адамгершілік, этикалық тәрбие беру мақсатында «Мейірімділік пен музыка әлеміне саяхат» атты шолу концерті өткізілді. Мақсаты – өзін-өзі жетілдіру үшін жағдайлар жасау арқылы өзін-өзі тану процесіне мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік құндылықтарды, мінез-құлықтың этикалық нормаларын қалыптастыру.
Оқушылармен мейірімділік пен зұлымдылық, сыпайылық, көңіл бөлу туралы әңгімелесу өткізілді. Мектеп оқушылары сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті, «Мейірімді сөздердің маңыздылығы», «Өзгеге мейірімділік сыйла» конкурстарына қатысты. Мейірімділік туралы Б. Савельевтің музыкасына жазылған, сөзі А. Хайттың «Если добрый ты», «Дорога добра» (музыкасы М. Минкова, сөзі Ю. Энтиндікі), «Кто добрее всех на свете» (музыкасы мен сөзі Л. Мельникованыкі), қуаныш туралы «Я нарисую счастье» (музыкасы мен сөзі Е Челнокованыкі), «Дети солнышку смеются» (музыкасы Е. Обухованікі, сөзі Ю. Марцинкевичтікі), «Голубое чудо» (музыкасы мен сөзі Е. Обухованікі), балалық шақ туралы «Взрослые и дети» (музыкасы В. Шаинскийдікі, сөзі М. Таничтікі), «Детство» (музыкасы Р. Болотнойдікі, сөзі С. Лапниковтікі), «Музыка и дети» (музыкасы Ю. Чичковтікі, сөзі М. Пляцковскийдікі) әндері шырқалды. Іс-шара қатысушылары «Сыпайылық пен мейірімділік» атты ерекше сыйқырлы елге есте қаларлық саяхат жасап, ұлы адамдардың шешендік сөздерімен танысты, оқушылар өздерінің игі істері мен әрекеттері туралы айтты. Ағартушылық концерттің қорытындылары бойынша қатысушылар сыйлықтар иеленді. Мектептің әдіскері Марина Юрьевна Бойко: «Әр уақытта адамдардың бойындағы мейірімділік, әділеттілік, қайырымдылық, адалдық, ықыластылық, құрметтеу сияқты қасиеттер бағаланған. Ескі әліпбидегі әріптер адамға ең жақын сөздер арқылы таңбаланған – ж (жер), а (адамдар), о (ой), м (мейірімділік). Мейірімділік әлеміне музыкалық саяхат оқушыларға жалпы адамгершілік құндылықтардытереңірек түсінуге мүмкіндік береді», - деді.