Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Музыка мектебі педагогының термені меңгеру шеберлігі
15-11-2019 11:03
Музыка мектебі педагогының термені меңгеру шеберлігі

Терме орындаушылар мен әншілердің республикалық «Текті сөздің төресі – терме» конкурсындаПавлодар қаласы балалар музыка мектебінің педагогы Салтанат Тасбулатовна Кисатова IIIдәрежелі дипломмен және жүз мың теңге сомасындағы ақшалай сыйақымен марапатталды. Конкурста оның орындауында Қайыпназар Айтпеновтің«Мұсылман болам десең»термесі шырқалды. Қатысушы «Терме-жыржанрында орындаушылардың республикалық конкурсынаүшінші рет қатысып отырмын, биылғы жылы Жастар жылына арналған конкурсжоғары деңгейде өтті, бірыңғай жас таланттар қатысты», – деді. 2016 жылы Салтанат конкурстың дипломанты атанды, 2018 жылы «Дәріптеуші» номинациясын иеленді.

Салтанат ТасбулатовнаБалалар музыка мектебінде 4 жыл жұмыс істейді, баян сыныбы және халық әні бойынша оқытады. Алдағы уақытта өз сынып оқушыларын терме жанрында оқытуды жоспарлайды.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өткізді. Конкурстың мақсаты – қазақстандықтардың тіл мәдениетін дамыту, ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттау. Конкурсқа Қазақстанның әр өңірінен 13 терме орындаушы қатысты. Конкурстың қатысушыларын терме-жыршы орындаушылар қауымдастығының және халықаралық ақындар айтысының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы бағалады.