Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт
12-12-2019 10:32
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде «Елім менің, Қазақстан»атты мерекелік концерт өтті. Әдемі және шабыттандырушы патриотттық әндер мен аспапты туындылардан тұратын концертті мектептің 300-ге жуық оқушылары мен педагогтары ұсынды. 

Құрманғазының күйі «Балбырауын»Зарина Арасланова мен Аружан Ахметтің орындауларында екі рояльдің жеке үйлесімінде және жетекшісі Кайшанов Нурлан Бакытовичтің қазақ халық аспаптары оркестрімен жаңа форматта ұсынылды. А. Жұбановтың «Қарлығаш» туындысын орындауда ежелгі аспап қобыздың өзіндік дыбысталуы, ұлттық жетіген мен классикалық скрипка бір ансамбльде тұтасты. К. Ахмедьяровтың «Қосбасар» туындысы классикалық гитара мен домбыраның үйлесуі дыбысталуы арфаға ұқсас әуез, ғажап дыбыс берумен, жаңаша дыбысталды. Классикалық және халық аспаптарының біріктірілген анасмбльдері ұлттық шығармашылықтың музыкалық бейнелерінің байлығы мен сан алуандығын бейнелі көрсетуге көмектесті.

Музыка мектебі педагогтарының вокалдық нөмірлерді эмоционалдық орындаулары мерекеде ерекше жағдай қалыптастырды, Салтанат Кисатованың орындауында «Жүргендерін саламат» әні, Регина Иванованың орындауындағы «Әнім сен едің» әні саздылығымен және әдемілігімен көрермендерді баурап алды.    

Әділ Бекмұраттың, Ахметов Мадиярдың туған жер, бейбітшілік, мейірімділік және сұлулық туралы әндері – залда бірлік пен ынтымақтылық атмосферасын туғызды. Концерттік бағдарлама республикалық, облыстық және халықаралық конкурстар лауреаты жоғарғы сынып хоры «Арайлы алтын ұя» әнімен аяқталды, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец, концертмейстері Дмитрий Станиславович Масленников,