Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қ. БММ музыкалық бағытындағы қосымша білім беру педагогтарының форсайт-сессияны өткізу туралы ақпарат
19-08-2020 10:08
Павлодар қ. БММ музыкалық бағытындағы қосымша білім беру педагогтарының форсайт-сессияны өткізу туралы ақпарат

Жыл сайын білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау және кеңінен тарату мақсатында педагогикалық оқулар ұйымдастырылады және өткізіледі.

2020 жылғы 18 тамызда білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық форумын өткізу шеңберінде Павлодар қаласының балалар музыка мектебі базасында Павлодар қаласының БММ музыкалық бағытындағы қосымша білім беру педагогтарының форсайт-сессиясы өтті. Педагогикалық оқулардың тақырыбы: «Музыкалық мектепте қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етудің тиімді жолдары».

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Маржан КуандыковнаКасенуалиевақұттықтау сөз сөйледі. Павлодар қаласы БММ басшысының м.а. Ольга Леонидовна Бобровская форумға қатысушыларды таныстырды. 

Секция жұмысына БММ 34-ке жуық педагогы қатысты, 13 спикер баяндама жасады.

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ирина Владимировна Валяева баланың шығармашылығын дамыту құралы ретіндегімузыкалық орта туралы айтты. Дарига БулатовнаАллахвердиева қашықтықтан оқыту жағдайында жеке білім беру траекторияларын құру мен іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Жас музыканттың білім беру процесіндегі қашықтықтан оқытудың рөлі туралы Асия Аминовна Булатова өз сөзінде айтып берді. Маргарита Викторовна Курлиутованың баяндамасында қашықтықтан оқыту жағдайында теориялық пәндерді оқыту тақырыбы ашылды. Регина Владиславовна Иванова сөйлеу және ән айту мәдениетін егжей-тегжейлі қарастырып, вокал сабақтарындағы орфоэпия мен орфоэпиялық дағдыларға тоқталды. Юрий Александрович Халимон саксофонда ойнаудың заманауи тәсілдерімен бөлісті. Оқушылардың концерттік қойылымдарына психологиялық дайындық, сахналық толқуды жеңу жолдары туралы Наталья Викторовна Процкая айтып берді. 

Конференция барысында педагогтар балалармен жұмыс істеудің әртүрлі заманауи әдістемелерімен танысуға мүмкіндік алып, қашықтықтан оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолданумен бөлісті.

Музыкалық бағыт секциясының модераторы «Музыкалық колледж кешені» ММ фортепиано бөлімінің оқытушысы Кира Викторовна Шейкина педагогтардың өнерін жоғары бағалап, осындай тәжірибе алмасуды жалғастыруға тілек білдірді.

Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша балаларды музыкалық оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ұсыныстар қабылданды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Үздік баяндама үшін»грамотасымен Ирина Владимировна Валеева, Дарига Булатовна Аллахвердиева, Асия Аминовна Булатова, Маргарита Викторова Курлиутова, Регина Владиславовна Иванова, Юрий Александрович Халимон, Наталья Викторова Процкая, Нұрсулу Нурлановна Курманова марапатталды.