Телефон доверия
8(7182)557851
Адрес: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі 17.00-19.00
«Үйсіз жануарларға көмектес» акциясы
26-01-2022 17:56
«Үйсіз жануарларға көмектес» акциясы

Жалпы республикалық «Игі істер марафоны» жобасы қарсаңында біздің балабақшада «Үйсіз жануарларға көмектес» акциясы өз жалғасын тапты. Осы акцияның мақсаты: педагогтер және ата-аналармен мектепке дейінгі балалардың біріккен іс-әрекеті арқылы тұлғаны рухани-адамгершілік негізінде дамыту. Тәрбиеленушілердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Акция барысында «Үйсіз жануарларға көмектесіңдер», «Жануарларды қорғаңдар» тақырыбында балалармен тақырыптық сұхбаттар жүргізді, осы тақырып бойынша көркем шығармалар оқыды. Тәрбиеленушілер мен педагогтер мәселені шешудің қажетті жолын тапты: тамақ жинау және оны үйсіз жаралы жануарларды оңалту орталығына тапсыру. Біздің идеямызды тәрбиеленушілердің ата-аналары қолдады. Жануарларға тамақ тапсыру бойынша ең белсенді қатысушы ересек «А» тобының тәрбиеленушісі Жеребцов Егор.