Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
«Аналар мектебінің»
13-03-2026 16:40
«Аналар мектебінің»

«Адал Азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында «Аналар мектебінің» кезекті кездесуі өтті. Ата-аналар үшін қыздарға арналған түрлі-түсті әдемі шаш резеңкелерін жасау бойынша шығармашылық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шеберлік сабағын мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушісінің анасы Қалиева Майя Мұхтарханқызы өткізді, ол өз тәжірибесімен бөлісіп, қарапайым материалдардан әдемі әрі ерекше шаш әшекейлерін жасау жолдарын көрсетті. Аналар бұл жұмысқа үлкен қызығушылықпен қатысты, шығармашылық шеберханада олар жасау тәсілдерін үйреніп, түрлі түстерді үйлестіріп, өз қолдарымен әсем резеңкелер дайындады. Кездесу соңында қатысушылар өз жұмыстарын қуана таныстырып, алған әсерлерімен бөлісіп, жасаған әшекейлерін мақтанышпен көрсетті. Осындай кездесулер ата-аналарға тәжірибе алмасуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.