Телефон доверия
8(7182)557851
Адрес: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі 17.00-19.00
Қалалық семинар
23-10-2026 17:28
Қалалық семинар

22 қазанда 2026 ж. біздің балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған ««Балалар кітапханасы» жобасын балабақшаның білім беру процесіне интеграциялау – «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру құралы ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Кездесудің мақсаты – жобаны білім беру процесіне интеграциялау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың оқырмандық мәдениетін, ұлттық құндылықтары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар аясында № 24 балабақшаның педагогтері «Сауаттылық зертханасы» тәжірибесі арқылы балалардың оқырмандық сауаттылығының алғышарттарын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
№ 42 «Мектепке дейінгі гимназия» тәрбиешілері балаларды кітап оқуға баулудың тиімді тәжірибелерін ұсынып, отбасылық квиздер, медиа зертхана және буккроссинг жұмыстарымен таныстырды.
Семинар кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және мектеп жасына дейінгі балалардың оқырмандық қызығушылығын дамыту мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған шығармашылық идеялар алаңына айналды.