"Красный полумесяц"

2020 жылғы 13 қазанда балабақшамызға "Красный полумесяц" ұйымының мүшелері келіп, COVID-19 ауруынан сақтану шаралары және "Алғашқы медициналық көмек" туралы мәліметтермен бөлісті. Іс-шара барысында қолданылған бетперде, медициналық қолғапты дұрыс жою туралы мәлімет берсе, алғашқы медициналық көмек көрсетудің практикалық шараларын педагогтармен бірге орындап, тәжірибелерімен бөлісіп, көрсетті.