"Балабақшаның 1 күндік тынысы" атты апталық ашық есік күні тәмамдалды.
Балабақшада 25 сәуір күні мен 29 сәуір күндері аралықтарында ата-аналарға арналған ашық есік күндері өткізілінді. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты балабақшаның 1 күндік тынысымен танысу болатын. Ата-аналар ашық есік күндеріне қатыса отыра балаларының дамуы бойынша сұрақтарына жауаптарын алды. Апталық ашық күннің тиімділігі ол ата-аналардың уақытына сәйкестендіре отыра қатысуларына мүмкіндік берді.