Балабақшадан мектепке: МАД "Б" тобының үлкен қадамы
Бақшада МАД "Б" тобының бітіру кеші өтті. Бұл — балалардың балабақшамен қоштасып, үлкен мектепке қадам басар сәті.
Мерекеде балалар тақпақтар айтып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар мен тәрбиешілерге алғыс айтып, қуаныш пен қимастыққа толы көңіл күй сыйлады.
Шара соңында бүлдіршіндерге естелік дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Барша қатысушылар үшін бұл күн жарқын естелікке айналды.
