Тақырып: "Тіл — халықтың жаны"
Балабақшамызда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті. Мақсаты — балаларға әр ұлттың тілі мен мәдениетіне құрметпен қарауды үйрету, мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіру. Тәрбиешілер балалармен бірге өлең оқып, тақпақтар айтып, әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен дәстүрлерімен таныстырды. Іс-шара барысында балалар тілдің достық пен бірліктің негізі екенін түсінді.
