Тақырып: "Отбасы — бақыт мекені"
Отбасы күніне орай балабақшамызда ата-аналар мен балалардың қатысуымен қызықты челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайту. Әр отбасы фото мен бейнежазба арқылы өздерінің бір күндік отбасылық сәттерін, бірлескен шығармашылық немесе спорттық істерін көрсетті. Бұл челлендж балаларға үлкен қуаныш сыйлап, ата-аналарға да ерекше әсер қалдырды. Барша қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз!
