Тақырып: Ата-аналар жиналысы – бірлесе тәрбиелеу жолы
Бақшамызда 2025 жылғы 8-12 қыркүйек аралығында барлық топтарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста жаңа оқу жылындағы тәрбие мен білім беру бағыттары, күн тәртібі, қауіпсіздік шаралары және ата-анамен байланыс мәселелері қарастырылды.
Ата-аналар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін білдіріп, тәрбиешілермен ашық пікір алмасты. Бірлескен жұмыс арқылы балалардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
