Тақырып: Тәуелсіздік – ел бақыты
Балабақшамызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға тәрбиешілер мен бүлдіршіндер белсене қатысты. Балалар Отан, Ту, Елтаңба туралы тақпақтар айтып, әндер орындады, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, еліміздің рәміздерін таныту және Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту болды.
Шара соңында балаларға естелік сыйлықтар беріліп, мереке көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.
