Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы – менің елім»
Ересек "А" тобында Қазақстан Республикасының күніне орай танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында балалар:
- Ту, Елтаңба, Әнұран сияқты мемлекеттік рәміздермен танысты,
- «Қазақстан», «Отан», «Тәуелсіздік» ұғымдарын талқылады,
- Тақпақтар айтып, ән шырқады («Менің Қазақстаным», «Отан»),
- Тақырыпқа сай сурет салып, қолөнер жұмыстарын жасады.
