Тақырыбы: «Дене тәрбиесі апталығы аясында ұлттық ойындар»
Балабақшамызда дене тәрбиесі апталығы бастау алды. Апталықтың алғашқы күнінде балалар қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, «Асық ату», «Арқан тартыс», «Ақ серек, көк серек» сынды ойындарды ойнап, үлкен қызығушылық танытты.
Бұл ойындар балалардың дене шынығуын ғана емес, тапқырлығын, ептілігін және ұйымшылдығын дамытуға бағытталған.
Апталық алда түрлі қызықты шаралармен жалғасады. Басты мақсат – балалардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
