Тақырыбы: "Мамандыққа алғашқы қадам" (Жас тәрбиешілерге арналған семинар)
12 желтоқсан 2025 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жас тәрбиешілеріне арналған "Мамандыққа ену" жобасы аясында семинар өтті.
Семинар барысында жас мамандарға педагог мамандығының маңыздылығы, кәсіби құндылықтары мен тәжірибеде кездесетін мәселелер жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар тәжірибелі тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік кеңестер ұсынды.
Мұндай іс-шаралар жас мамандардың кәсіби дамуына оң әсер етіп, болашақ тәрбиешілердің өз ісіне деген қызығушылығын арттыра түседі.
