"Жаңа жыл келді!"
"Жаңа жыл келді!"
2025 жылдың желтоқсан айында балабақшамыздың ортаңғы топтарында Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Мерекелік шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және Жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту.
Балалар әдемі костюмдер киіп, тақпақтар айтып, ән салып, би биледі. Ертеңгілікке Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалармен ойындар ойнап, сыйлықтарын табыстады. Ертегі кейіпкерлері де шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мереке өте әсерлі және көңілді өтті. Барлық балалар белсенділік танытып, ата-аналар мен тәрбиешілер жағымды әсер алды.
