Көрісу күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет
Мектепалды тобында «Көрісу күні» тақырыбы аясында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларға халқымыздың көрісу дәстүрін таныстыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балалар бір-бірімен көрісіп, амандасу әдебін үйренді. Ұлттық дәстүрлер туралы түсінік беріліп, жылы лебіздер айтылды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойналып, мерекелік көңіл-күй қалыптасты.
