Ашық терезе – қауіпті!
Ашық терезе – қауіпті!
Құрметті ата-аналар!
Жылы мезгілдің келуіне байланысты терезелерді ашу жиілейді. Алайда ашық терезелер кішкентай балалар үшін үлкен қауіп төндіретінін естен шығармаған жөн.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, терезе маңына жиһаз қоймаңыздар және арнайы қорғаныш құралдарын қолданыңыздар. Маса торлары баланы құлаудан қорғамайтынын есте сақтаңыздар.
Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің басты міндеті. Әрдайым сақ болып, жазатайым оқиғалардың алдын алайық!
Баланың өмірі мен денсаулығын бірге қорғайық!
