Балабақша топтарында қоштасу іс-шаралары өтуде
Балабақша топтарында қоштасу іс-шаралары өтуде
Балабақшамыздың даярлық топтарында тәрбиеленушілермен қоштасу іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Бұл ерекше сәт – бүлдіршіндердің балабақшадағы қызықты күндерін аяқтап, мектеп өміріне қадам басар алдындағы толқынысты кезең. Шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Тәрбиешілер мен ата-аналар бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдіріп, алдағы оқу жолында сәттілік тіледі. Балалардың балалық шақтағы жарқын сәттері естелік болып сақталмақ.
Балаларымызға жарқын болашақ пен үлкен жетістіктер тілейміз!
