Терезеден сақтану туралы
Терезеден сақтану туралы
Құрметті ата-аналар!
Балалардың қауіпсіздігі – ең басты міндет. Жаз мезгілінде терезе ашық болатындықтан, балалар үшін қауіп арта түседі.
Сондықтан келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- Терезе алдына орындық, үстел сияқты жиһаздарды қоймаңыздар;
- Терезеде арнайы қорғаныш құралдарын (блокиратор, тор) қолданыңыздар;
- Маса торы баланы құлаудан қорғамайтынын ескеріңіздер.
Балалардың өмірі мен денсаулығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!
Рахмет!
