Судың қызықты әлемі
Ортаңғы «Ә» «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері таза ауада сумен қызықты ойындар ойнады. Балалар су шашып, ыдыстарға су құйып, бір-бірімен көңілді ойындар ұйымдастырды. Ойын барысында балалар қуанышқа бөленіп, белсенді қимылдап, жағымды көңіл-күйде уақыт өткізді. Сумен ойнау балаларға ерекше қызығушылық сыйлап, жазғы күнді көңілді өткізуге мүмкіндік берді.
