Сабақтағы және ойындағы тәртіп
МАД«Ә» «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері сабақ және ойын барысында тәртіп сақтау туралы түсініктерін кеңейтті. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдау, бір-біріне кедергі келтірмеу, ойыншықтарды ұқыпты пайдалану және ойын соңында өз орнына жинау керектігін үйренді. Бірге ойнау кезінде достарымен сыйластық қарым-қатынас жасап, кезек күтуді және ортақ ережелерді сақтауды үйренді. Балалар тәртіптің сабақта да, ойында да маңызды екенін түсінді.
