Білім күні – алғашқы қадам
1 қыркүйек – Білім күніне орай балабақшамызда ерекше көңіл-күйге толы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар үшін бұл күн жаңа оқу жылының басталуымен қатар, қызықты кездесулер мен жаңа білімге бастар алғашқы қадам болды.
Тәрбиеленушілер ән айтып, ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл-күймен мерекені қарсы алды. Балаларға білім алудың, достарымен бірге ойнап, жаңа нәрселерді үйренудің маңызы түсіндірілді.
Жаңа оқу жылы барша бүлдіршіндерге қуаныш, қызықты жаңалықтар мен жарқын сәттер әкелсін!
