Біздің бақшада қазан айының 12-ші жұлдызында «Баланың зерттеу әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау» атты облыстық семинар өтті. Семинарға облысымыздың жақын және шалғай жатқан аудандарындағы, елді мекендеріндегі мектеп жасына дейінгі мекемелерінде еңбек етіп жатқан тәрбиешілер мен әдіскерлер қатысты.
Семинар мазмұны жағынан үш маңызды бөлімді құрады:
I. Ашық көріністер бөлімі
II. Теориялық бөлім.
III. Қортынды бөлім
Құрылымы бойынша:
- Танысу.
- Ашық көріністер
- Теориялық бөлім
- Педагогикалық ринг
- Қорытынды бөлім болып ұйымдастырылды.
Танысу барысы мекеме басшысының «Қарлы үйіндісі» тренингін жүргізуімен жүзеге асты. Облысымыздың әр түкпірінен келген педагогтар көңілді тренинг барысында бір-бірімен танысып үлгерді.
Өзара танысып алған тәрбиешілер ашық көріністерге қатысты. Ортаңғы «А» тобының тәрбиешісі Қасымова Рымбала өзінің тәрбиеленушілерімен «Жел түрлерімен танысу» атты зерттеу жұмысында желдің пайда болуы мен оның түрлерін анықтайтын тәжірибелерімен келген қонақтармен бөлісті.Ортаңғы «Ә» тобының тәрбиешісі Солтангазинова Айгерім өзінің кішкентай ғалымдарымен лимон жемісінің ғажайып қасиеттерімен танысты.
Ашық көріністерден алған әсер мен тәжірибелік қор теориялық біліммен толықтырылды. Бұл бөлімде семинарға қатысушылар балабақша әдіскері Г.А.Жақанованың дайындаған «Мектепке дейінгі мекемедегі эксперименттік жұмысты жүргізудің құрылымы» атты баяндамасын тыңдап, шағын топтарға бөлініп, мекеме басшысы Ж.Қ.Рахимбаеваның ұйымдастыруымен жүргізілген «Мектепке дейінгі мекемедегі эксперимент әрекеттерін белсендіру» атты педагогикалық рингте өз білімдерімен жинақтаған тәжірибелерімен күш сынасты. Педагогикалық ринг бала эксперименті жұмысының негізгі аспектілерін қамтитын үш раундан тұрды.
Әр раунд кезінде тәрбиешілер өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, жаңадан білгендерін, көргендерін де пысықтап өтті.