Балабақша тәрбиеленушілері үшін қазанның 14-17 күндерінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен күздің айтулы мерекесі «Алтын күз» аталынып өтті. Мерекеде кішкентай сәби топтары орманда адасып жүрген көжекпен кездесіп, оған «Күз сыйының» қандай болатынын әнмен, тақпақтармен түсіндірді. Көжекпен бірге көңілді ойындар ойнап, күз ханшайымының көңілінен шыға білді. Кішкентай сәбилер көжектің көңілін ауласа, ортаңғы топ балалары күзгі орманда болып жатқан сәбіз бен алманың дау-дамайына тап болды. Балалар өздері білетін жемістер мен көкеністер туралы білетін тақпақтары мен әндерін айтып оларды татуластырды. Жемістің де, көкеністің де адам үшін маңызы зор екендігін айтып олармен бірге ептілік пен тапқырлықты талап ететін қызықты ойындар ойнап, ертеңгіліктен жақсы әсермен қайтты. Ал, ересек және даярлық топта жүрген балалар «Күз ханшайымы» арнайы шақырған мерекелік ертеңгілікті іздеп орманға саяхатқа шықты. Импровизациялық саяхаттары кезінде балалар ребус шешіп, ән айтып және тартысты ойындар ойнау арқылы өздерінің жинақтаған білімдерімен , үйренген өнерлерін ашып көрсете алды. Орманда жолда кезіккен «Батпақ қызды» тазалыққа шақырып, оны жеке бас гигиенасына үйрете білді. Келесі күз мерекесіне шақырып өз сыйлығын сыйлаған Күз ханшайымына рахметтерін айтып, балалар оған тағы да келетіндіктерін қуана –қуана айтысып тарқасты.
"Алтын күз" мерекелік іс-шаралар жүргізілді