Аналар мерекесі балабақшада
Балабақшамызда көктемнің ең шуақты мерекесі аналар мерекесі тойланып өтті. Ертеңгілік наурыздың 05 басталып, үш күн бойы балабақшамызды шуақтандырып, мерекелік сезімге бөлеп тұрды.Кішкентай бүлдіршіндер әжелері мен аналарына арнап әннен, биден шашу шашты. Өздерінің аналарымен бірігіп қызықты ойындар ойнап, бір сәтке балабақша ішін думанға айналдырды.Аналарына деген ыстық сезімдерін білдіріп, мейірімге, жылы сөзге толы өлең жолдарын арнады. Мерекелік кеш соңында әр бала өзінің анасына деп арнап, өз қолымен жасаған сыйлықтарын ұсынып ана қуанышына бөленді.